• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Практик-оқытушылардың мастер-класс сабақтары

2022-12-08 | Жаңалықтар

Желтоқсан айының сегізінші жұлдызында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасында оқытушы-практик Камзин Ерсин Сериковичтің «Құс етін өндіру технологиясы» атты мастер-классы өтті. Мастер-класс барысында құс фабрикаларының негізгі жұмыс принципі, ондағы қолданылып жүрген технологиялар мен қазіргі таңдағы өндіріс үшін өзекті проблемалар талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға жауап алды. Өндірісте қызмет ететін оқытушы-практиктердің тәжірибесімен бөлісуі - алдағы уақытта студенттердің өндіріске қызығушылығын арттырып, маман болып қалыптасуына септігін тигізеді деген үміттеміз.

Бөлісу