• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Біліктілікті арттыру!

2023-10-13 | Жаңалықтар

"ӨРЛЕУ"БАҰО" АҚ Абай облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру өкілдігі филиалы химия пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізуде. Бұл курста облыс мұғалімдері кәсіби теориялық білімдерін жетілдіріп ғана қоймай, тәжірибелік дағдыларын да шыңдады. Курс аясында «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»КеАҚ, «Химиялық технология және экология» кафедрасында болып, кафедраның тыныс-тіршілігі мен танысып, тәжірибе алмасты. Кафедра оқытушылары: PhD, доцент м.а. Кливенко Алексей Николаевич, б.ғ.к., профессор м.а. Қасымова Жанар Сайлаубекқызы, магистр, аға оқытушы Гайсина Балжан Сайлауқызы мектеп мұғалімдерін алдағы уақытта білім беру саласындағы қызметтерін магистратура, докторантураға түсу арқылы кеңейтуге, сонымен қатар мектеп оқушыларын ғылымға көбірек баулуға ынталандырды. Студенттердің ғылыми жобаларын орындаудағы тәжірибелерімен бөлісті және мектепте химияны оқыту әдістемесі бойынша дәріс оқыды.

 

 

 

 

Бөлісу