• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ШЕТЕЛДІК ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

2024-04-23 | Жаңалықтар

Бүгін Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және Пайдалы қазбалар университетінен шақырылған профессор Roman Shults «Implementation and Deployment of Monitoring Projects» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинарға «Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қалақұрылысы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Абай облысы білім басқармасының «Геодезия, картография және құрылыс Жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары, кафедра серіктестері «GEOID» ЖШС, Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Жер кадастры басқармасы өкілдері қатысты.

Семинар барысында профессор Roman Shults халықаралық деңгейде геокеңістіктік мониторинг жобаларын іске асыру және енгізу тәжірибесімен бөлісіп, азаматтық, өндірістік нысандарды бақылаудың және геодинамикалық мониторинг жүргізудің соңғы технологиялары (FEM Simulation, machine learnig) мен құралдарына тоқталды.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларымен геокеңістіктік мониторинг жүргізудің даму бағыттары, еліміздің мемлекеттік геодезиялық торларын жаңартуда туындаған мәселелер, Семей қаласының архитектуралық ғимараттарының сыртқы түрін сақтай отырып, жаңғырту сұрақтары талқыланды.

Бөлісу