• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024-04-26 | Жаңалықтар

2024 жылдың 24 сәуірінде Шәкәрім университетінде жыл сайын өткізілетін "Бос орындар жәрмеңкесі-2024" іс-шарасы өтті 
Іс-Шараның мақсаттары ретінде:
- Еңбек нарығының Кадрлық қажеттіліктерін анықтау, түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесі үшін жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен байланыс орнату; 
- Жас мамандарды даярлауда университет пен жұмыс берушілер арасында кері байланыс орнату және ол мүмкіндіктерді кеңейту; 
- Жұмыс берушілерге түлектердің арасынан қойылып отырған талаптарына сәйкес бітірушілердің арасынан үміткерлерді іріктеу мүмкіндігін беру.

Биылғы жылы Бос орындар жәрмеңкесінде Қазақстанның түрлі экономика саласынан 20 астам ірі кәсіпорындары қатысты, оның ішінде: АҚ «Семей Инжиниринг», АҚ "Шығыс Қазақстан Ұн Тарту-Құрама Жем Комбинаты", ЖШС «iMAS group», ЖШС «ГидроСтройМонтаж», ЖШС «ЖІІИ «Семстройпроект», ЖШС «GEOID» және т.б.

Бос орындары жәрмеңкесінің арқасында бітіруші түлектер түрлі кәсіпорындардың өкілдерімен танысып, сол ксіпорындардың бірінде болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі алды!

Бөлісу