Ішкі академиялық ұтқырлық
Студенттің академиялық ұтқырлығы - білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.
♻️Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
♻️ Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен кафедрамыздың 5 студенті Павлодар қаласының "Торайгыров университет" КеАҚ-на аттанды
• 6В08201 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы БББ-нің 2-курс ТЖ-101 тобының студенттері Серікбайқызы Әдемі мен Болатбекова Аяжан;
•6В08101 - Агрономия БББ-нің 2-курс АГ-101 тобының студенттері Базаралина Аяжан мен Мұратова Аида;
• 6В08303 - Орман ресурстары және аң шаруашылығы БББ-ның 2 курс ЛРО-101 тобының студенті Нугманова Аружан.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Павлодар қаласына университетіміздің туын ұстап кеткен студенттерімізге сәттілік тілейміз!