«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кураторлық сағаты
2023-03-15 | Жаңалықтар
2023 жылдың 15 наурызында ЛРО – 101 тобының білім алушыларына «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кураторлық сағаты ұйымдастырылды.
Кураторлық сағаттың мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстарын насихаттау.
Кураторлық сағат барысында топ кураторы Закиева А.А. білім алушыларға адалдық принциптерін ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, білім алушылардың дайындаған «Жемқолықтың жолын кес» сұрақ – жауап ойыны өткізілді.
Факультет білім алушылары мен ПОҚ-на адалдық, жемқорлыққа қатысты қанатты сөздер жазылған парақшалар таратылды.