• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша

2024-02-01 | Жаңалықтар

29 қаңтарда Қытайдан, Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінен Шәкәрім атындағы университетіне 7М05102 – Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5 магистрант келді. Магистранттармен "тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнология" кафедрасының ПОҚ және студенттерімен кездесу өткізілді, онда магистранттар сабақ кестесімен, сондай-ақ магистранттармен бірлесіп, олардың тілектерін ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу, Семей қаласының көрікті жерлеріне бару, Өскемен қаласының өндірістік кәсіпорындарымен танысу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Семей қ. Сондай-ақ, кездесуде магистранттардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Бөлісу