• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Чернобыль апаты – ғасыр қайғысы

2024-04-22 | Жаңалықтар

22 сәуір күні «Автоматтандыру ақпараттық технологиялар және қалақұрылысы»  кафедрасының ұйымдастыруымен «Чернобыль апаты – ғасыр қайғысы» атты дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 38 жыл болды.
Шараға Чернобыль атом электр станциясының апат салдарын жоюға қатысқан ардагерлер: Гайдук Александр Михайлович, Қайсанов Советқазы Бекенович және инженерлік технология факультетінің ПОҚ құрамы мен білім алушылары қатысты. 
Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан кафедрамыздың аға оқытушысы, ардагер Қайсанов С. Б. өскелең ұрпаққа Чернобыль апатының тарихын, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігі жайлы баяндама жасалап видеоролик көрсетті. 
Ардагер Гайдук А. М. адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль апатының қашан, қандай себептен болғаны жөнінде баяндап берді. 
Іс-шара студенттердің Атом электростанциясы туралы баяндамалары мен жалғасын тапты. 
Шара соңында факультет деканы Нұрымхан Г.Н. өлшеусіз ерлік танытқан абзал азаматтарға алғыс айта отырып, Алғыс хат табыстады. 
Біз Сіздердің ерліктеріңізге қашанда ерекше  тағзым етеміз!
Тұғырлы елдің еңсесі биік, аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман БОЛСЫН!

Бөлісу